Бас жаңалықтар
Тоқаев Рафаэль Ниязбектің отбасына көңіл айтты
20 Қыркүйек 2021, 21:12 262

Тоқаев Рафаэль Ниязбектің отбасына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рафаэль Ниязбектің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Көрнекті қаламгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рафаэль Ниязбектің дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтамын. Рафаэль Ниязбек ұзақ жылдар «Жазушы» баспасында жемісті жұмыс жасады. Еліміздің рухани-мәдени байлығын арттыруға көп үлес қосты. Шығармашылық жолдағы табыстары да өте мол. Тартымды туындылары оқырмандар тарапынан жоғары бағасын алды, әдеби сыйлықтарға ие болды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – делінген жеделхатта.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін белгілі ақын, жазушы Рафаэль Ниязбектің өмірден өткені жайлы хабарлаған болатынбыз.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...