Тоқаев Пәкістан Президенті Ариф Алвиге көңіл айтты

7 Қазан 2021, 18:48
6909
Бөлісу:
Тоқаев Пәкістан Президенті Ариф Алвиге көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Мемлекет басшысы Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Белуджистан провинциясында көптеген адам шығынына әкеп соқтырған жойқын жер сілкінісіне байланысты осы елдің Президенті Ариф Алвиге көңіл айту жеделхатын жолдады.

Қазақстан халқының және өзімнің атымнан табиғи апаттан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін, – деп жазылған жеделхатта.

Өзгелердің жаңалығы