Бас жаңалықтар
Тоқаев Пәкістан Премьер-министрімен кездесті
PHOTO
16 Қыркүйек 2021, 18:42 296

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-Министрі Имран Ханмен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Пәкістан Премьер-Министрімен кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев өзара сенім мен сыйластыққа негізделген екіжақты қатынастардың деңгейі жоғары екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы ортақ мүддені көздейтін салалардағы көлік-логистикалық байланыстарды нығайту үшін жаңа мүмкіндіктерді қарастыруға шақырды. Қазақстан Президенті сауда-экономикалық, ғылыми-технологиялық және мәдени ынтымақтастықты арттыру мәселесіне арнайы тоқталып, Имран Ханды Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Пәкістан Премьер-министрі өз кезегінде екі ел арасындағы сауда-экономикалық ықпалдастықты нығайтуға септігін тигізетін логистикалық мүмкіндіктерді дамыту маңызды екенін айтты, сондай-ақ, Қазақстан Президентін Пәкістанға сапармен келуге шақырды.

Кездесуде олар Ауғанстандағы ахуал мен өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі ойларымен бөлісті.



Фото: дереккөз
Загрузка...