Бас жаңалықтар
Тоқаев одақтас елдердің үкіметтерін «жасыл» мақсатқа жетуде тәжірибе алмасуға шақырды
14 Қазан 2021, 18:22 1030

Тоқаев одақтас елдердің үкіметтерін «жасыл» мақсатқа жетуде тәжірибе алмасуға шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында айтты.

Еуразиялық экономикалық одақтың климаттық күн тәртібі мүше мемлекеттердің экологиялық қауіпсіздіктің жаһандық мақсаттарына және орнықты төмен көміртекті даму траекториясына көшуге бейілділігін көрсетеді. Қазақстан өз кезегінде парниктік газдар шығарындыларының төмен деңгейімен ұзақ мерзімді стратегияларды әзірлеу саласындағы Париж келісімінің міндеттемелерін орындау бойынша белсенді жұмысты бастады, - деді Тоқаев.
Ол 2060 жылға қарай Қазақстанның көміртегі бейтараптығына қол жеткізу Доктринасының жобасы әзірленгенін атап өтті.
Экономикаларымыздың ерекшелігі мен құрылымын ескере отырып, жасыл мақсатқа қол жеткізу үшін үкіметтердің тәжірибе алмасуы мен өзара іс-қимылын жолға қоюды ұсынамыз, - деді Тоқаев.


Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Загрузка...