Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған парадқа қатыспайды

6 Мамыр 2021, 19:24
1156
Бөлісу:
Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған парадқа қатыспайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған парадқа қатыспайды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook-тегі парақшасында жазды.

Президенттің баспасөз қызметіне БАҚ өкілдерінен Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған парадқа қатысатын-қатыспайтынын сұраған сауалдар келіп түсіп жатыр. Ресей тарапынан парадқа шақыру келген жоқ. Сондықтан Мемлекет басшысының жұмыс кестесінде Мәскеуге сапар жоспарланбаған, - деп жазды ол.
Өзгелердің жаңалығы