Бас жаңалықтар
Тоқаев Көлгіновке: Осылай жалғаса берсе, бір күні тұншығамыз
26 Қаңтар 2021, 13:06 1986

Тоқаев Көлгіновке: Осылай жалғаса берсе, бір күні тұншығамыз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтен газдандыру қалай жүргізіліп жатқанын сұрады.

Елорданы дамытудағы жалпы амал-әдістердің бағыт-бағдары дұрыс деп есептеймін. Әлбетте, құрылыс жұмыстарына баса мән берген абзал. Үй құрылысы болсын, мектептер мен азаматтарға қатысты инфрақұрылым жайлы да айтарым сол. Себебі елорда өз еліміздегі халыққа да, сырттан келетін азаматтарға да тартымды қала болуы керек, - дейді Тоқаев.

Ол инвестициялардың маңызы зор екенін, сол себепті бұл мәселеге баса назар аударып отыру қажеттігін айтты. 

Мен инженерлік инфрақұрылымды салу жағынан Үкімет пен қала әкімдігінің жұмысын қолдаймын. Біз бұған дейін Нұр-Сұлтанның өзін сала бердік те, астындағы инфрақұрылымын ұмыт қалдырғанбыз. Ал инженерлік, коммуналдық инфрақұрылымсыз қала күндердің күні «тұншығып», бір күні үлкен мәселемен бетпе-бет келуіміз мүмкін, - деді Президент.

Осы ретте Мемлекет басшысы әкімнен газдандыру мәселесі қалай болып жатқанын сұрады.

Газификация мәселесі Елбасының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады. Қазір газға қосылу қарқынын ұстап тұру керек. Жеке үйлер газға қосылу бойынша проблемаға тап болып отыр. Оған қосылу 500-700 мыңды (500-700 мың теңгені - редакция) құрайды. Бұл мәселені қалай шешесіздер? Қала сыртындағы үйлер мәселесі не болды? - деп Президент Көлгіновке сұрақ қойды.

Ал әкім газ тарту бойынша екі мәселе бар екенін айтты.

Біріншісі – жылыту маусымы басталды, халық қызмет құнын төлеп те үлгерді. Олар қазір көмір жағып, үйлерін жылытып отыр, бірақ бұған қарамастан, біз газ тарту жұмысын жүргізіп жатырмыз. Газ бағасына қатысты халық тарапынан сұрақ туындады. Біз мердігерлерден бағаны төмендетуін сұрадық. Мысалы, қосу үшін мердігерлер 240 мың теңгеге дейін тұратын еді, біз оның құнын 150 мыңға түсіруді ұсынған едік, олар келісті. Қазір халық тарапынан жағымды пікірлер келіп жатыр, - деді Алтай Көлгінов.


Фото: дереккөз
Загрузка...
// (function (d, w, c) {(w[c] = w[c] || []).push(function () {try {w.yaCounter34776245 = new Ya.Metrika({id: 34776245,clickmap: true,trackLinks: true,accurateTrackBounce: true,webvisor: true,trackHash: true});} catch (e) {}});var n = d.getElementsByTagName("script")[0],s = d.createElement("script"),f = function () {n.parentNode.insertBefore(s, n);};s.type = "text/javascript";s.async = true;s.src = "https://mc.yandex.ru/metrika/watch.js";if (w.opera == "[object Opera]") {d.addEventListener("DOMContentLoaded", f, false);}else {f();}})(document, window, "yandex_metrika_callbacks");//