Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы көші-қон саласына қатысты заңға қол қойды

18 Маусым 2021, 18:11
805
Бөлісу:
Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы көші-қон саласына қатысты заңға қол қойды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжан Үкіметтері арасындағы көші-қон саласына қатысты заңға қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады. 
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - делінген хабарламада.

Заң мәтіні баспасөзде жарияланады. 
Өзгелердің жаңалығы