Тоқаев Каспий аймағында жүзеге асырылатын 6,5 млрд доллардың жобалары туралы айтты

30 Қыркүйек 2021, 13:46
5449
Бөлісу:
Тоқаев Каспий аймағында жүзеге асырылатын 6,5 млрд доллардың жобалары туралы айтты
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумында айтты.

Біз экономиканың барлық саласы мен өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым саласында ынтымақтастық жүргіземіз. Энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастық өсімін атап өткім келеді. Биыл біз мұнай тасымалдау бойынша халықаралық бірлескен ынтымақтастық жоба – Каспий құбыр консорциумының 25 жылдығын атап өтеміз. КҚК құрылғалы әлемдік нарыққа 700 млн тонна мұнай тасымалданды, - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы атап өткендей, мұнай өндіру мен бірлескен жобалардың артуы есебінде құбырдың өткізуі мен тұрақтылығын сақтау мәселесі өте маңызды екенін айтты.

Біздің бірлескен кәсіпорындар әлемдік деңгейдегі Қарашығанақ кен орны зерттеліп жатыр. Қазақстан тарапындағы Каспий аймағында теңіз жобалары жүзеге асырылып жатыр. «Жеңіс» және «Әл-Фараби» жобалардың жалпы құны 6,5 млрд долларды құрап отыр, - деді Мемлекет басшысы.

Тоқаев атағандай, «Қаламақас» кен орнын да игеруге бағыт алынғанын айтты.

Ресейлік тараптан «Лукойл» стратегиялық серіктес анықталды. Жобаның жалпы құны 5 млрд долларды құрайды, - деді ол.

Айта кетейік, Көкшетау қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің қатысуымен екі елдің XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумы онлайн форматта өтіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы