Бас жаңалықтар
Тоқаев инклюзивті білім беру мәселесін көтерді
25 Ақпан 2021, 12:10 522

Тоқаев инклюзивті білім беру мәселесін көтерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында айтты. 

Тоқаев отырыста инклюзивті білім беру мәселесін көтерді.

Осы бағыттағы жұмысты күшейту керек. Қазақстанда ерекше білім беруді қажет ететін балалар көбейіп барады. Балалар тиісті реабилитация қабылдау үшін жарты жыл уақыт күтеді. Сөйтіп, уақыт жоғалтады. Кезегі келген кезде толық оңалтудан өтуге мәжбүр.  Балалар сапалы қызмет алу керек. Мемлекет тарапынан арнайы психолог мамандарының даярлануына назар аударылуы керек, - деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Президент үш министрліктің осы жұмысты қолға алуы керектігін ескертті.

Білім және ғылм минитрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы жұмысты қолға алуы керек, - деді ол.
Президент ерекше қажеттілігі бар балалардың денсаулығын туғаннан бастап оңалтуға ерекше назар аудару қажет екенін айтты.

Фото: дереккөз
Загрузка...