Тоқаев Индонезия президентіне көңіл айтты

15 Қаңтар 2021, 19:19
1335
Бөлісу:
Тоқаев Индонезия президентіне көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия Президенті Джоко Видодоға көңіл айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Сулавеси аралындағы күшті жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты Индонезия Президенті Джоко Видодоға көңіл айту жеделхатын жолдады.

Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болған адамдардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын. Осындай қиын жағдайда біз индонезиялық достарымыздың қайғыларына ортақтасып, олармен бірге екенімізді жеткіземін. Сонымен қатар табиғат апатынан зардап шеккендердің тезірек сауығып, үйлеріне оралуына тілектестік білдіремін, – делінген жеделхатта.

Өзгелердің жаңалығы