Тоқаев Цойды сұрақтың астына алды

26 Қаңтар 2021, 12:10
4979
Бөлісу:
Тоқаев Цойды сұрақтың астына алды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдан дәрі-дәрмектің бағасы туралы сұрады.

Менің түсінуімше, дәрілердің қымбат бағасы әлі де жалғасып жатыр. Бұл бағытта қандай жұмыстар бар? - деді Президент.

Министр қазіргі уақытта коронавирус препараттары бойынша маркетингті шығындардың бәрін алып тастағандарын атап өтті.

Дәріханаларда жетіспеушілік болмас үшін біз коронавирусқа шалдыққан адамдарға амбулаториялық дәрі-дәрмекті тегін қылдық. Бұл да дәріханалардағы кезекті жойды. Осылайша біз антиковидтік препараттардың бағасын орта есеппен 27 пайызға арзандаттық. Сонымен қатар, биыл «Халық денсаулығы» кодексіне тиісті өзгерістерді енгізіп, бөлшектік сегменттегі бағаларды қадағалау тетігін алып тастамақпыз, - деді Алексей Цой.
ДСМ басшысы сол арқылы бөлшектік сегменттегі бағаны төмендетерлік қосымша тетіктерге ие болатындарын тілге тиек етті.

Демек, дәрі-дәрмек жетіспеушілігі болмайды ғой? - деп сұрағын қайталады Тоқаев. 

Бұл сауалға Алексей Цой «иә» деп жауап берді.

Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтіп жатыр. Бұған дейін Президент Денсаулық сақтау министріне вакцинация өткізудегі медициналық мекемелердің дайындығы жөнінде сұрақ қойды. Ал Цой өз кезегінде 2021 жылдың соңына дейін эпидемиологиялық жағдайдың дамуы туралы болжам жасады.

Өзгелердің жаңалығы