Бас жаңалықтар
Тоқаев биоқауіпсіздік агенттігін құруға байланысты ШЫҰ қолдауынан үмітті
10 Қараша 2020, 17:21 220

Тоқаев биоқауіпсіздік агенттігін құруға байланысты ШЫҰ қолдауынан үмітті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ елдерін биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттікті құру ісіне қолдау көрсетуге шақырды.

БҰҰ бас Ассамблеясының 75-сессиясы барысында Биологиядық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттікті құруды ұсынған едім. ШЫҰ бойынша әріптестер тарапынан бұл мәселеде қолдау болатынына сенім артып отырмын, - деді Тоқаев.

Ол жаһандық қару-жарақтың өршуі биологиялық қаруды бақылау жүйесін іске қосу қажеттілігін өзекті етіп отырғанын атап өтті. Ұйымға мүше елдердің мемлекет басшылары биотерроризмнің қатеріне байланысты тәуекелдерді жақсы түсінетінін жеткізді.

Қазақстан Президенті ШЫҰ мемлекеттерінің бірігей мәдени мұрасын дамыту маңызды екенін атап өтті.
Сондықтан біздің ұйым үшін мерейтойлық алдағы жылды ШЫҰ мәдениеті жылы деп жариялауды қолдаймын. Экстермизм, терроризм, сепаратизм және рухани құндылықтардың девальвациясына қарсы іс-қимылда біздің халықтардың жасампаз әлеуетін жұмылдыру керек, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



Фото: дереккөз
Загрузка...