Тоқаев бидай өнімділігі 40 пайызға төмендеуі мүмкін екенін айтты

13 Қазан 2021, 17:26
4696
Бөлісу:
Тоқаев бидай өнімділігі 40 пайызға төмендеуі мүмкін екенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Париж келісімінің мақсаттарына және Қазақстанның көміртекті бейтараптығына қол жеткізу жолдары» атты халықаралық конференцияда айтты.

Климаттың өзгеруі бүгінгі таңдағы ең өткір сын-тегеуріндердің бірі болып отыр. Теңіз деңгейі көтеріліп, мұздықтар еріп жатыр. Бұл климаттың өзгеруін ескерсек, әлі де өсе береді. Сондықтан біз қазір әрекет етуіміз керек. Орталық Азиядағы ауа райының жылуы өте өзекті болып отыр. Бұл азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы алаңдаушылықты тудырып отыр, - деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы атағандай, Қазақстан бидай экспорттайтын 10 ірі елдің қатарында.
Қазақстан жылына 7 млн тонна бидай экспорттайды. Алайда 2030 жылға қарай астық өнімділігі 40 пайызға төмендеуі мүмкін. БҰҰ ДБ-ның 2020 жылғы мәліметі бойынша 2030 жылы әлемдік бидайдың өнімділігі орташа есеппен 7 облыста (Ақмола, Ақтөбе, БҚО, Қарағанды, Қостанай, СҚО, Павлодар облыстарында) 67-87 пайызды құрайды, - деді ол.
Тоқаев бұл көрсеткіш Қазақстанның Орталық Азимядағы жалғыз экспорттаушы ел ретінде өте қауіпті екенін айтты.
Бұл барлық өңірдің азық-түлік қауіпсіздігіне әсер етеді. Климаттың өзгеруімен күрес біздің ортақ ісіміз екенін көрсетеді, - деді ол.
Бұған дейін елордада Тоқаевтың қатысуымен халықаралық конференция басталғаны хабарланды.

Өзгелердің жаңалығы