Бас жаңалықтар
Тоқаев: Түрік халқына қазақ халқы мен Үкіметі тиісті көмек көрсетуге дайын
31 Қазан 2020, 13:01 173

Тоқаев: Түрік халқына қазақ халқы мен Үкіметі тиісті көмек көрсетуге дайын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Измир провинциясындағы жер сілкінісі салдарынан қайтыс болған және зардап шеккен азаматтар туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алды.
– Сізге және осы табиғи апатта жақындарынан айырылған отбасыларға Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтып, орны толмас қайғыға ортақтасамын. Жарақат алған адамдардың тез арада отбасыларына қайта оралуларына дұға етеміз. Бауырлас түрік халқына шынайы тілекші ел ретінде, қажеттілік туындаған жағдайда, қазақ халқы мен Үкіметі тиісті көмек көрсетуге дайын, – делінген жеделхатта.


Фото: дереккөз
Загрузка...