Бас жаңалықтар
Тоқаев Ауыл шаруашылығы министрі отставкаға кетуі қажеттігін айтты
10 Шілде 2021, 12:54 1309

Тоқаев Ауыл шаруашылығы министрі отставкаға кетуі қажеттігін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі сәтте өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы кезінде хабарлады. Оның айтуынша, Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров басқарып отырған саланың жағдайы көңіл көншітпей отырған көрінеді.

Мәселен, жайылымдық жер үшін 29 млн гектар жер қажет десек, қазіргі таңда 33 млн гектар жер қолданусыз тұр.

Жауапсыз кәсіпкерлердің кесірінен ауыл тұрғындары суға мұқтаж. Өкінішке қарай, жергілікті атқарушы билік бұған жол берген. Мәселен, Түркістан облысында ауызсуға бөлінген су демалыс орнының бассейнін толтыру мақсатында бұрмаланып пайдаланылған. Нәтижесінде халық зардап шегіп отыр. Тиісті ұлттық жоба аясында сумен қамтамасыз ету кешенді түрде шешіледі деген үміттемін, - деді Мемлекет басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінде Ауыл шаруашылығы министрлігін басқарып отырған Сапархан Омаров қазіргі қызметіне 2019 жылдың 25 ақпанында тағайындалған болатын.

Бұған дейін біз Президент Тоқаевтың төрағалық етуімен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатқанын хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ Президент пандемияға қарамастан ел экономикасы жарты жылда 2,2%-ға өскенін айтқан болатын. Соныен қатар 600 мың педагогтің жалақысы көтерілетінін де жазған болатынбыз. 



Фото: дереккөз
Загрузка...