Тоқаев астық жинау науқанын уақтылы жүргізуді тапсырды

21 Тамыз 2019, 18:47
1524
Бөлісу:
Тоқаев астық жинау науқанын уақтылы жүргізуді тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Президентке өңірдегі астық жинау жұмыстарына дайындық барысы, агроөнеркәсіп кешенінің дамуы, сондай-ақ машина жасау саласындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы жөнінде мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев астық жинау науқанын уақтылы жүргізудің және тұқым қорын дайындаудың маңыздылығын, сондай-ақ тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыру және Қостанайдағы аэропортты қайта жөндеу қажеттігін айтты.

Мемлекет басшысы А.Мұхамбетовке Арқалық қаласының жылумен қамту жүйесін қайта жөндеу жөнінде ұсыныс беруді тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы