Тоқаев Армения премьер-министрі Никол Пашинянға құттықтау жеделхатын жолдады

2 Тамыз 2021, 18:12
2637
Бөлісу:
Тоқаев Армения премьер-министрі Никол Пашинянға құттықтау жеделхатын жолдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянды Армения Республикасының Премьер-министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады. 

Сізге артылған сенім – қоғамдағы тұрақтылықты, бірлік пен келісімді қамтамасыз етуге, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, Арменияның халықаралық аренадағы беделін нығайтуға бағытталған саясатыңыздың кең қолдау тапқанының айқын көрінісі, – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянның аса жауапты мемлекеттік лауазымдағы қызметі Арменияның тұрақты дамуы мен ілгерілеуіне, сондай-ақ, Қазақстанмен арадағы екіжақты және көпжақты қатынастарды кеңейтіп, тереңдетуге ықпал ететініне сенім білдірді.

Мемлекет басшысы Арменияның премьер-министріне зор денсаулық пен мол табыс, достас армян халқына игіліктер мен өркендеу тіледі.

Еске сала кетсек, бүгін Никол Пашинян Армения премьер-министрі болып тағайындалған еді.

Өзгелердің жаңалығы