Тоқаев Әлімғазы Райымбековтің туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады

19 Қаңтар 2021, 17:22
2119
Бөлісу:
Тоқаев Әлімғазы Райымбековтің туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ҚР Мәдениет қайраткері, Алматы облысының құрметті азаматы, белгілі кино актері Әлімғазы Смағұлұлы Райымбековтің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады. 

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
Әлімғазы Смағұлұлы қазақ киносының таңдаулы туындыларының бірі – «Тақиялы періште» кинофильміндегі Тайлақтың рөлін үлкен шеберлікпен сомдаған. Одан кейін де бірнеше кинокартинаға түсіп, көрермен қауымның ыстық ықыласына бөленді. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын, – делінген жеделхатта.
Еске салсақ,  «Тақиялы періште» фильмінің бас кейіпкері, аты аңызға айналған актер, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Алматы облысының Құрметті азаматы Әлімғазы Райымбеков өмірден озды. Бұған дейін Елбасы марқұмның туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.
Өзгелердің жаңалығы