Тоқаев әкімдіктер мен Үкіметті сынады

19 Шілде 2021, 16:24
2860
Бөлісу:
Тоқаев әкімдіктер мен Үкіметті сынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңесте әкімдіктер мен Үкіметті сынады.

Жедел жәрдемнің қажетті жабдықсыз келетін жағдайлар жиі кездеседі. Нәтижесінде пациентті құтқаруға қымбат уақыт жоғалады. Анықталған фактілерге қарамастан, өңірлер ауыр науқастарды емдеуге арналған бөлімшелердің жоғары жабдықталуы туралы есеп беруді жалғастыруда. Бұл әкімдіктер мен Үкімет тарапынан бақылаудың жоқтығын немесе жағдайды жақсы етіп көрсеткілері келеді. Бұған жол беруге болмайды, - деді Президент.

Тоқаев ковид ауруханалары мен жедел жәрдем қызметін хаттамаларға сәйкес, барлық шығын материалдарына дейін қысқа мерзімде толық жабдықтауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Құрал-жабдықпен қамтамасыз етуге жеке жауапкершілік өңірлердің әкімдеріне бекітілуі тиіс. Сонымен қатар медициналық көмектің қолжетімділігін төмендету туралы үздіксіз айтып отырғаным бекер емес. Бұл ана өлімінің, қан айналымы жүйесі ауруларынан және басқа да аурулардан болатын өлім-жітімнің артуынан көрінеді, - деді Мемлекет басшысы.

Кеңесте Қасым-Жомарт Тоқаев пандемия жағдайында медициналық көмектің барлық бағыты бойынша медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету маңызды екенін айтты. Сөзінше, вакцинацияны күнтізбе аясында уақытылы егу өте маңызды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөнінде жұмыс кеңесін өткізетіні туралы хабарланған болатын. Жиынға Премьер-министр, ведомстволардың басшылары, қалалар мен облыстардың әкімдері қатысуда.

Өзгелердің жаңалығы