Бас жаңалықтар
Тоғжанов жас депутат Мәди Ахметовтың сауалына жауап берді
02 Қазан 2021, 18:53 1106

Тоғжанов жас депутат Мәди Ахметовтың сауалына жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов депутаттардың «Серпін» жобасына қатысты жолдаған депутаттық сауалына жауап берді.

Бұған дейін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Мәди Ахметов пен Елнұр Бейсенбаев Үкіметке «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасына қатысты депутаттық сауал жолдаған болатын.

Ералы Тоғжанов өз жауабында Үкімет тарапынан түлектерді жұмысқа орналастыру және оларды тұрғын үй бағдарламаларымен қамту бағытында кешенді жұмыстар жүргізіліп отырғанын хабарлады.

2014 жылдан Білім және ғылым министрлігі Тұңғыш Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында облыстардың, Нұр-Сұлтан, Шымкент және Алматы қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» (Серпін) жобасын жүзеге асыруып жатыр. Жоба 9 облыстың (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары) 26 ЖОО-сында іске асырылуда. Кадрларды даярлау педагогикалық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтар бойынша жүзеге асырылады, - деді Премьер-министр орынбасары.

Ауыл жастарын қабылдау квотасы мемлекеттік тапсырыстың жалпы көлемінен 10%-ды құрайды. 2021-2024 жылдарға арналған ЖОО базасында «Серпін» бағдарламасы бойынша кадрлар даярлауға 20 624 грант көлемінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілді.

Сонымен қатар Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасын іске асыру аясында «Серпін» бағдарламасына мемлекеттік тапсырыс 2025 жылға қарай даярлаудың педагогикалық бағыттары бойынша тағы 2 000 грантқа ұлғайтылады. Министрлік жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының жалпы көлемінен келесі үш оқу жылына 10% квота бөлу жөніндегі міндеттемені қамтамасыз етті.

2020 жылы «Серпін» жобасы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарда 2 653 адам оқуды аяқтады, оның ішінде өңірде 1 566 адам (59%) жұмысқа орналастырылды.

Жоба түлектерін одан әрі жұмысқа орналастыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Білім және ғылым министрінің тапсырмасын орындау мақсатында «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы бойынша жас мамандарға одан әрі жағдай жасауға бағытталған ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының құрамына Ұлттық экономика, Еңбек және халықты 3 әлеуметтік қорғау министрліктерінің, жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ ЖЖООКБҰ өкілдері кірді. Жұмыс тобының кездесулерінің нәтижелері бойынша оқу орны бойынша облыстағы міндетті жұмыстардың шарттары мен мерзімін өзгерту және басқадай сұрақтар бойынша ұсыныстар әзірленді, - делінген Тоғжановтың жауабында.

1) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ЖЖОКБҰ-ны бітіргеннен кейін оқу орны бойынша өңірде кемінде үш жыл міндетті жұмыспен өтеу мерзімін алып тастау туралы. Қазіргі уақытта «Серпін» жобасының түлектерін оқу аймағына қарамастан, жұмыс күші жетіспейтін аймақтарда даярлау бөлігінде «Білім туралы» Заңның 47-бабының 17-тармағына өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде.

2) «Серпін» жобасының түлектеріне жұмыс күші жетіспейтін барлық аймақтарда жұмысты өтеуге мүмкіндік беру;

3) Ауылдық жерде еңбек қызметін жүзеге асыратын «Серпін» жобасының түлектері үшін жұмыс мерзімін 3 жылдан 2 жылға дейін қысқарту.

Бұл бағыттар бойынша жұмыс жалғастыруда. Жобаға қатысушыларды әлеуметтік қолдау шараларын заңнамалық деңгейде қамтамасыз ету бойынша. Жобаға қатысушыларға әлеуметтік қолдау көрсету үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ұлттық экономика, Білім және ғылым министрліктері келесі шараларды әзірленуде, - деп атап өтті Үкімет мүшесі.

Ол қандай шаралар:

- 100 АЕК көлемінде біржолғы төлем түрінде «Серпін» жобасының түлектері үшін әлеуметтік жәрдемақы беру;

- тұрғын үй сатып алуға және салуға бюджеттік несие;

- бизнес-жобаларды іске асыру үшін несиелер/микрокредиттер беруді қарастыру ұсынылады.

Солтүстік өнірлерде «Серпін» жобасына қатысушылардың тұрғын үй мәселесін шешуге көмек көрсету және қолжетімді тұрғын үй бағдарламаларына қатысу бойынша әкімдіктердің мәліметі бойынша, 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенді жоспарында әлеуметтік тұрғын үй құрылысы қарастырылған. Өңірлерде «2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасы іске асыру қолжетімді тұрғын үй құрылысын ынталандыру бойынша шаралар қабылдануда. Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысында ағымдағы жылы тұрғын үй құрылысына және оларға инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым өткізуге жергілікті бюджеттен 1 382,4 млн теңге сомасында қаражат бөлінді. Сонымен қатар тұрғын үй мәселелерін шешу үшін жергілікті бюджеттен қаржыландырылмайтын «Бақытты отбасы», «Шаңырақ» (5-10-20), «Әскери өнім», «Өз үйім» сияқты бағдарламалар іске асырылуда, - деді Ералы Тоғжанов.

Әкімдіктердің мәліметі бойынша, өңіраралық қоныс аударуға 4 қатысушыға жаңа тұрғылықты жерде мемлекеттік қолдау көрсетіледі, ол отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (204 190 теңге) мөлшерінде көшуге, сондай-ақ тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге материалдық көмек, ай сайын 12 ай ішінде қалалық жерге қоныс аударғандар үшін 20-дан 30 АЕК-ке дейін (58 340 – 87 510 тенге) және ауылдық жерлерге қоныс аударғандар үшін отбасындағы адам санына байланысты 15-тен 21 АЕК-ке дейін (43 755-61257 теңге) мөлшерінде көмек көрсетуді қамтиды.

Сонымен қатар қоныс аударушылар материалдық көмек сомасын бір рет, отбасына жылына есептелген сома шегінде (525 мың теңгеден 1 млн теңгеге дейін) алуға және оны тұрғын үйді жеке меншікке сатып алуға пайдалануға құқылы. Қостанай, Түркістан, Қарағанды облыстарында 2017 жылы қоныс аудару бағдарламасы басталғалы бері қоныс аударуды қабылдаудың өңірлік квотасына «Серпін» әлеуметтік жобасының түлектері енгізілді. Сондай-ақ «Серпін» бағдарламасының түлектері қоныс аударушылар мен қандастармен бірге «Еңбек» өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында ерікті өңіраралық қоныс аударуға қатыса алады. Түлектер оқу аяқталғаннан кейін 6 ай ішінде оқу орнындағы жұмыспен қамту орталықтарына жүгінулері қажет, - деп жауап берді Үкімет басшысының орынбасары өз жауабында.

Ақпаратқа сәйкес «Серпін» жобасының қатысушылары мемлекеттік және аймақтық тұрғын үй бағдарламаларына қатысуға да мүмкіндіктері бар. Бағдарламаға қатысушылар үшін оқу кезеңінде автоматтандырылған мемлекеттік қызмет (жатақханада тұру, тегін тамақтану) арқылы жүзеге асырылатын әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған.

«Серпін» жобасына қатысушылар үшін жатақханада тұру ақысының төмен болуын қамтамасыз ету туралы «Серпін» жобасының түлектері үшін әкімдіктер бірінші кезекте тұру үшін жеңілдік төлеу мүмкіндігін қарастыра отырып, жатақхана немесе жалға берілетін тұрғын үй ұсынады. Бұл мәселені шешу үшін жұмыс берушілердің ресурстары тартылады. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысында Серпін жобасының қатысушыларына 4,5 мың теңге жеңілдікті төлеммен жатақхана беріледі. Қостанай облысында жатақханаға 7 мың теңгеге дейін жеңілдікпен төлем беріледі, - делінген жауапта.

«Серпін» жобасының қатысушыларының жаңадан құрылған жас отбасыларға көтерме жәрдемақы беруге қатысты Қазіргі уақытта елдің оңтүстігінен солтүстігіне қоңыс аударатын азаматтарға жәрдемақылар бөлудің қолданыстағы тетігін қайта форматтауды, жәрдемақыларды тек әкімдіктер арқылы ғана емес, жұмыс берушілердің шығыстарын өтеу жолымен де беру туралы ұсыныстар әзірленуде.

«Серпін» жобасын одан әрі іске асыру оның ішінде заңнамалық деңгейде әлеуметтік қолдау шаралары бойынша жұмыс жалғасады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...