Тоғжанов: Журналистер – қоғамның қозғаушы күші

26 Маусым 2020, 19:08
1798
Бөлісу:
Тоғжанов: Журналистер – қоғамның қозғаушы күші

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Facebook-тегі парақшасында БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.

Құрметті бұқаралық ақпарат қызметкерлері! Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын! Қазіргі әлемді ақпаратсыз елестету мүмкін емес. Республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында еңбек етіп жүрген өз ісінің білгірлері мемлекетті дамытуға арналған бағдарламаларды жүзеге асыру, қоғамдағы тұрақтылықты нығайту, сонымен бірге еліміздің халықаралық беделін арттыру бағытындағы игілікті істерді жариялауда елеулі үлес қосып отыр. Қазақстанда журналист мамандығы ерекше орынға ие. Біздің ақпарат кеңістігіміздің мазмұнды да мағыналы болуы ақпараттың уақытылы жеткізілуі, болып жатқан оқиғалардың терең талдамасына және тілші тарапынан бағалануына байланысты.

Қадірлі журналистер қауымы, сіздерге миллиондаған адам зор сенім артып, айтарлықтай ерекше ықылас танытуда. Сіздер халық пен билік арасындағы алтын көпірсіздер. Журналистер - қоғамның қозғаушы күші. Нағыз қаламгер сын жазса да тек шындықты жазады. Кемшілікті түзеуге ықпал еткен сын ғана қоғамды алға жылжытады.

Журналистердің нақты азаматтық ұстанымдарын бүгінгі коронавируспен күрес кезеңінде дәрігер, полиция, әскери мамандармен қатар алғы шепте жүргендіктері дәлелдеп отыр.

Қымбатты достар! Барлық бұқаралық ақпарат қызметкерлеріне жоғары кәсібилігі мен мамандықтарына адалдықтары үшін шынайы алғысымды білдіремін.
Жаңа идеялар мен жобаларды жүзеге асыруда табысқа жете беріңіздер. Сіздерге және отбасыларыңызға бақыт пен амандық тілеймін!, - деп жазды Ералы Тоғжанов.


Өзгелердің жаңалығы