Тоқаевтың қызметі туралы. Біз өз үміткеріміздің лайықты екенін білеміз

23 Сәуір 2019, 14:01
2128
Бөлісу:
Тоқаевтың қызметі туралы. Біз өз үміткеріміздің лайықты екенін білеміз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ  тілшісі. ҚР президенттігіне үміткер ретінде ұсынылған Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел басшысы ретіндегі қызметіне қатысты Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтың пікірін білдік.

«Бүгін Елбасы бірінші кезекте осы жылдар бойы жүргізілген саясатты сақтап қалу маңызды екенін айтты. Бұл жылдарда жеткен жетістіктерді, әрине, сақтап қалып, ұлғайту керек. Бізде 2050 жылға дейінгі стратегиялық құжат бар. Яғни, мақсаттар мен міндеттер айқын. Олар нақты қойылған. Және де біз бүгін ұсынылған Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасы осы мәселенің барлығын ескеретініне сенімдіміз. Осы жұмыс жалғасын табады деп үміттенеміз», - деді Жамбыл облысының әкімі.

«Басқа кандидаттардың қандай мүмкіндіктері бар?» деген сұраққа Асқар Мырзахметов Nur Otan партиясының атынан үміткердің лайықты екенін айтып жауап берді.

«Бұл сұрақ маған емес, біз өз үміткеріміздің лайықты екенін білеміз», - деп жауап берді Асқар Мырзахметов.

Өзгелердің жаңалығы