Тоқаевтың дипломатиясы: Қазақстан сыртқы саясатының азиялық векторы

9 Маусым 2020, 11:16
4433
Бөлісу:
Тоқаевтың дипломатиясы: Қазақстан сыртқы саясатының азиялық векторы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қ.К. Тоқаевтың уәкілдік қызметінің алғашқы жылындағы халықаралық іс-әрекеті сыртқы саясат және бұл салада орын алатын міндеттерді шешу тұрғысынан азия бағытында ең күрделі болды. Көз алдымызда соңғы жылдары Азия (Азия-Тынық мұхит аймағы, Солтүстік-Шығыс Азия, Оңтүстік-Шығыс Азия) геосаяси шиеленісу аумағына айналып отыр.

Халықаралық қатынастар және сыртқы саясат – бұл Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің бүкіл өмірін арнаған сала. Өзінің ұзақ дипломатиялық және саяси мансап жолында, қай жерде қызмет етсе де оның өмірі қашан да халықаралық саясат пен тәжірибенің ең ірі әрі қызық оқиғалардың ортасында өтуде.

2020 жылғы наурыз айының басында Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты үшін маңызды жағдай орын алды. Президент Қ.К. Тоқаев Қазақстанның сыртқы саясатының 2020-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасына қол қойды. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын жүзеге асырудың негізгі қағидаттарына Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ел дамуының жаңа кезеңіндегі сыртқы саяси ұстанымының сабақтастығы жатады. Ол дегеніміз ҚР сыртқы саясатын азиялық векторының күннен күнге маңызы артып келе жатқан бағытта жалғастыру деген сөз.

Бұл бағыттағы өзінің белсендігін жаңа Президент қызметке кіріскен күннен бастап танытты. 2019 жылғы 27 наурызда оның Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасының Елшісі Чжан Сяомен кездесуі өтті. Кездесу барысында сұхбаттасушылар Қазақстан мен ҚХР арасындағы тату көршілік қатынастарды ары қарай нығайтудың және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап көрсетті.

2019 жылғы сәуірдің ортасында Президент Қ.Тоқаевтың Ташкент қаласына баруы айтулы сапарлардың біріне айналды. Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев өзінің Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапарының Өзбекстандағы Қазақстанның Жылын ашумен тұспа тұс келгенін және бұл оқиғалардың елдер арасындағы екіжақты қатынастардың ары қарай нығайтуда өзінің оң септігін тигізетінін ерекше айтып көрсетті. Екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығының жоғары деңгейіне ерекше тоқталып Қазақстан Президенті осыншама жоғары көрсеткішті ұстап тұру мақсатында түрлі шаралардың қолданылатынын айтып өтті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары барысында президенттер бірлескен мәлімдеме жасады.

2019 жылғы 29 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында Президент жаңа қызметте халықаралық алаңда міндеттерін атқара бастаған атаулы оқиға - Еуразиялық экономикалық одақтың саммиті өтті. Саммиттің мәнмәтінінен түсінікті болғандай, ЕАЭО таза еуразиялық (посткеңестік) құрылым болуды жәймен тоқтата бастап, азиялық вектордың арқасында жаңа сапалық деңгейге өте бастаған.

2019 жылғы қыркүйектің басында Президент Қ.К. Тоқаевтың Бейжіңге сапары өтті, оның барысында Қазақстан басшысы Қытайды ұлы мемлекет, әлемнің екінші экономикасы, достығымыз жарасқан ел деп атап, Қытай Халық Республикасымен стратегиялық серіктестіктің ары қарай жалғасатынын сендірді. Қытайға сапары барасында Қ.Тоқаев экономикалық күн тәртібін жаңа салаға аударуға бет бұрды. Бейжіңде өткен Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің отырысында Қазақстан Президенті республикамыз инновация мен заманауи технологияға негізделген жаңа экономиканы, сондай-ақ жоғары технологиялық өндірістер мен элементтерді дамытуға баса мән беріп отырғанын атап өтті.

2019 жылғы қыркүйегінде БҰҰ Бас Ассамблеясы 74-сессиясының барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері мен Ауғанстан үшін Орнықты даму орталығын құру жөнінде ұсыныс білдірді, ол да Қазақстан Республикасының азиялық саясатының маңызды элементі болып табылады. Қазақстан Орталық Азияның аса ірі экономикасы ретінде болашақта әсіресе азия континентіндегі барлық мемлекеттермен өзара тиімді қарым-қатынасты нығайтуға аса мүдделі екені ерекше айтылды.

2020 жылдың басындағы сыртқы саяси маңызды оқиғалардың бірі 14-16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың қауіпсіздік жөніндегі 56-шы Мюнхен конференциясына қатысуы болды. Оның сөйлеген сөзінде қауіпсіздік, Қазақстанның сыртқы саясаты мен Орталық Азияның геосаяси жағдайы секілді халықаралық сипаттағы мәселелер түйінді орын алды. Өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету сұрақтары талқылаулардың бөлек тақырыбына айналды. Осылайша, Мемлекет басшысының сөзі оның әлемдегі ең ірі халықаралық алаңдардың біріндегі еліміздің басшысы ретіне президенттігінің өзіндік бір жолашары болды.

Шамасы, Қ.К.Тоқаев батыс және әлемдік қоғамдастық пен стратегиялық истеблишмент өкілдеріне әлемнің бүгінде өтпелі кезеңде тұрып жатқаны туралы ойды жеткізгісі келген сияқты. Бұл өзгерістер ең алдымен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерімен тікелей байланысты. Осы мағынада Азия континентінің бір бөлігін құрайтын Қазақстан және Орталық Азияның бүкіл өңірі бұл үрдістен тыс қалмайтыны анық. Оның үстіне бұл біздің елге және біздің өңірге тікелей қатысты.

Ол қазіргі уақытта Еуразия орталығында күштер орналасуының ауқымды өзгерістері болып жатқанын түйіндеді. Орталық Азияда түбегейлі геосаяси қозғалыстар болып жатыр, соның нәтижесінде Қытай, Еуропа, Иран, Ресей, Оңтүстік Азия және АҚШ жаңа рөлге ие болып, олармен жаңа қарым-қатынас орнатуға тура келеді. Бұл өзгерістердің жиынтығы өңірдің Еуропа мен АҚШ-тан Азияға қарай геосаяси қайта бағдарлануына алып келеді. 2025 жылға қарай бұл үрдіс өзін толықтай көрсетеді. Бірқатар сарапшылардың пікірінше, өңірде одақтар мен альянстарға қатысу арқылы емес, дәл екіжақты форматта шешілуі қажет мәселелер жеткілікті.

Біздің көршілеріміздің рөлі туралы пікір білдіре отырып, Қ.Тоқаев Ресей мен Қытайдың Орталық Азиядағы ынтымақтастығы үшін екі тараптың да көп жағдайда стратегиялық және геосаяси мүдделерінің сәйкес келуінің және үйлесімді келісімінің болуы өте маңызды екенін атап көрсетті.

Қазақстан өз егемендігінің 30 жылға жуық ұзақ жолын жүріп өтті. Мемлекет басшылығы әсерлі экономикалық дамуды, тұрақтылықты, нығайған егемендікті және «Қазақстан» брендінің халықаралық аренада беделін мақтан ете алады. 2025 жылдан әрі қарай көз жүгіртсек, Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың жетекшілігімен Қазақстанның басшылығы мемлекетті әлемдегі дамыған елдердің біріне айналдыру бойынша өршіл тұжырымдаманы қалыптастырды. Қазақстан Ресей, Қытай және Орта Азия арасында стратегиялық маңызды позицияда тұрғандықтан, географиясымен және геосаясатымен өзінің дамуының ұзаққа баратын стратегиясын дайындауға мәжбүр болды. Экономикалық даму саласында ұзақ мерзімді экономикалық даму Қазақстанның экономикалық құрылымын және басқару жүйесін трансформацилауды талап ететінін болжауға болады.

Теориялық жағынан қарағанда егер Батыс өзі үшін аса шығынсыз Орталық Азияға қатысты тіптен бейтарап ұстанымды таңдай алатын болса, Ресей мен Қытай айқын әскери-стратегиялық себептерге байланысты бұндай қадамға бара алмайтыны айқын ұқтырылды.

Қ.Тоқаев Мемлекет басшысы ретіндегі өз президенттігінің басталғанына тура бір жылдан кейін айтарлықтай проблема – жаппай (пандемия сипатындағы) індеттің таралуы қаупіне тап болды. Елдің басшысы ретінде 2020 жылғы 12 наурызда Президент бірқатар мемлекеттік орган басшыларымен кеңес өткізді, онда Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты мәселе көтеріп, тапсырмалар берді.

Мемлекет басшысы Үкіметке және басқа мемлекеттік органдарға еліміздің азаматтарының денсаулығын қорғауға бағытталған коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша берген бірқатар нақты тапсырмалары орынды әрі уақтылы болды.

Індетпен күресте Қазақстанның Азия елдерімен, ең алдымен – коронавирус шыққан ел деп есептелетін ҚХР-мен қатынасы маңызды болып табылады.

Сондықтан а.ж. 24 наурызда ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөйлесті, оның барысында Мемлекет басшысы коронавирус пандемиясының таралуын ауыздықтау жөніндегі Қытай басшылығының батыл әрі жүйелі іс-қимылдарын жоғары бағалады. Қазақстан көшбасшысы Қытай медицинасының зор әлеуеті мен дәрігерлерінің жоғары кәсібилігіне бүкіл әлемнің тәнті болғанын атап көрсетті.

Қ.Тоқаев Қазақстанның стратегиялық серіктестік бағытын одан әрі нығайта беруге ниетті екенін жеткізді. Оның пікірінше, осы орайда былтыр қыркүйекте Бейжіңде қол қойылған Қазақстан мен Қытай арасындағы ұзақ мерзімді және жан-жақты стратегиялық серіктестік туралы декларацияның мәні зор. Президент екі елдің БҰҰ-дағы, Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы, Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім шаралары жөніндегі Кеңестегі табысты ынтымақтастығын оң бағалап, сондай-ақ, «Бір белдеу - бір жол» мега жобасының аясында Ұлы Жібек жолы тұжырымдамасын одан әрі іске асыру барысындағы іс-қимылдардың маңызы зор екенін атап өтті.

Қытай мемлекетінің басшысы Қазақстан Президентінің төтенше жағдай кезіндегі көшбасшылық қасиетін жоғары бағалап, оның батыл әрі дер кезінде қабылданған шараларына тоқталды. Оның пікірінше, Қытай мен Қазақстан барлық саладардағы, әсіресе қаржы, индустриялық және цифрлық технологиялар сияқты маңызды бағыттардағы ынтымақтастықты арттыра алады.

Пандемиямен күрестегі Қазақстанның күш-жігерін халықаралық шаралармен үйлестіру аясында Мемлекет басшысы бірқатар шетелдік державалар көшбасшыларымен және халықаралық ұйымдар өкілдерімен телефон арқылы сөйлесті. Сөйтіп, 18 наурызда Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен сөйлесті. Президенттер жоғары деңгейде ықпалдастық орнату және екі ел Үкіметтерінің жұмыстарын үйлестіру жайында келісті. 2020 жылғы 19 наурызда Қырғызстан Президенті С.Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесіп, оның барысында Мемлекеттер басшылары коронавирустың таралуына қарсы күресте өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

2020 жылғы 20 наурызда ҚР басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, онда Мемлекеттер басшылары шекаралас елдердегі коронавирустың таралуына тосқауыл қою жөніндегі іс-қимылдарға қатысты мәселелерді талқылады. 27 наурызда ҚР басшысы тағы да Қырғыз Республикасының Президенті С.Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекеттер басшылары коронавирус індетінің таралу жағдайында сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жоғары қарқынын сақтауға бағытталған бірлескен шараларды талқылады.

Бүкіл әлемді жаулаған және бір уақытта денсаулық сақтау саласына да , әлемдік экономикаға және өңірлік қауіпсіздікке де (соның ішінде НАТО, ШЫҰ, ЕҚЫҰ және Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім шаралары жөніндегі Кеңес) қатысты эпидемиологиялық дағдарыс шынымен де теңдессіз болып табылады. Әлем елдері өзара тәуелділіктің және жаһанданудың мұндай жоғары деңгейіне жетпесе, індет барлық әлемге таралмас еді. Іс жүзінде геосаяси байланыстар пандемияның тікелей нәтижесіне айналады, немесе апат нәтижесінде анықталған экономикалық және әлеуметтік мағынадағы әлсіз тұстарды жоюға ұмтылысқа қатысты болады.

Қазақстанның Азиядағы орны мен рөлін, АӨСШК, ШЫҰ, ЕАЭО, Бір белдеу, бір жол, ИЫҰ және басқалары тәрізді азиялық және еуразиялық құрылымдарда және ұйымдардағы Нұр-Сұлтанның қатысуын түсінбей, ҚР сыртқы саясатының қазіргі күрделі дамуы кезеңінде азиялық векторды түсіну мүмкін емес.

АҚШ пен ҚХР арасында ұлғайып отырған текетірес, сондай-ақ Қытай бастамашылық жасаған "Бір белдеу, бір жол" ауқымды геосаяси және геоэкономикалық жобасын іске асыру келешегі Азияда (ал кеңірек - Еуразияда) орын алып жатқан орталық үдерістер болып табылады.

Өткен кезеңде Таяу және Орта Шығыс, Оңтүстік Азия, Азия-Тынық мұхит аймағы, Оңтүстік-Шығыс Азия және Солтүстік-Шығыс Азия тәрізді    проблемалық өңірлерде; араб-израильдік қақтығыс, ДАИШ, Сирия, ирандық атом бағдарламасы, Ауғанстан, үнді-пәкістан текетіресі тәрізді проблемалық нүктелердегі жағдай айтарлықтай өзгерді. Жапония, ҚХР, Үндістан, Ресей, Түркия және басқа көптеген азиялық және еуразиялық мемлекеттерде қауіпсіздік саласындағы әскери саясат пен стратегия өзгеріске ұшырады.

АҚШ та азиялық қауіпсіздік жүйесінің маңызды «бөлігі» болып табылады. Ауғанстан мен Иракта әскери әрекеттерді тудырған басты тарап бола отырып, Американың Азиялық өңірде біраз әскери одақтастары бар. АҚШ сондай-ақ Корей түбегі айналасындағы жағдайды реттеуге қатысады, оның үстіне Вашингтон Тайвань бұғазы мәселесі және Оңтүстік-Қытай теңізі аралдарының айналасындағы жанжалдарға енжар қарамайды.

Ақ үйге Д.Трамптың әкімшілігі келгеннен кейін қытай-америкалық қатынастар айтарлықтай ушығып кетті. Бұл сауда-экономикалық салада ғана емес, Қытайдың Оңтүстік-Қытай теңізінің даулы аралдарын игеруі салдарынан әскери-стратегиялық салада да орын алып отыр. Сондай-ақ қытай-жапондық қатынастар да нашарлап кетті. Корей түбегін Бейжіңнің бастамасымен ядролық қарусыздандыру проблемасы толықтай шешімін тапқан жоқ, оны Вашингтон Пхеньянмен келіссөздер үдерісінен шын мәнінде ығыстырып жіберді.

Одан бөлек, Вьетнаммен қатынаста шиеленіс сақталып отыр, олар Үндістанмен бірге АҚШ-тың стратегиялық орбитасына тартылуда.   Үндістан түбегінде Үндістан мен Пәкістан арасындағы әскери текетірес үдеп отыр.

Бейжіңге азшылық ұлттардың құқықтары желісімен қысымды үдете отырып, Шыңжаң Ұйғыр автономиялық өлкесіндегі жағдайды тұрақсыздандыру талпынысы жалғасуда. Қытайды Ауғанстаннан және (Ресеймен бірге) Орталық Азиядан ығыстыру бойынша Батыстың желісі байқалады. ДАИШ белсенділігін Таяу Шығыс өңірінен Орта Шығысқа (Ауғанстан, Иран, Орталық Азия) көшіру жоспарлары айқындалуда.

Әлдебір геосаяси күштер Қытайдың «Бір белдеу, Бір жол» орасан зор тұжырымдамасын іске асыруды болдырмауға мүдделі. Осы факторлардың барлығы қалыптасып келе жатқан азиялық қаіпсіздік жүйесіне қауіп төндіреді және АӨСШК, ШЫҰ тәрізді өңірлік ұйымдардың одан әрі қызмет етуін мағынасыздандырып жібереді. Қытай Батыс тәрізді, өз себептеріне байланысты Орталық Азияны оқшауланған өңір ретінде емес, Ауғанстан және Пәкістанмен бірге өзінің «батыс қақпасы» тәрізді бөлігі және көп үміт күттіретін экономикалық дәлізі ретінде қарайды.

Соңғы жылдары ғаламдық текетірестің орталығы Азия-Тынық мұхиты елдеріне өарай ауысқаны айқын болып отыр. Америка-қытай бәсекелестігі бұл текетірестің өсі болуда, ол осы салаға Жапония, Оңтүстік Корея, Тайвань, Гонконг, Австралия, Филиппин, Вьетнам, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері және Оңтүстік Шығыс Азия елдері қауымдастығы, Үндістанды тартуда. АҚШ-тың ҚХР-ға жүргізіп отырған ашық сауда-экономикалық соғысымен қатар әскери-мұхиттық текетірес бөлшектері көрініс беруде (сүңгуір флот құрылысын күшейу және басқалары). Б.Обаманың екінші мерзімінде жарияланған «Азияға бетбұрысы» Д.Трамп әкімшілігінің «еркін және ашық» Үнді-Тынық мұхиты өңірінің маңыздылығы туралы риторикасына ауысты.

Орталық Азия географиялық және геосаяси тұрғысынан қарағанда стратегиялық, транспорттық және экономикалық сипаттағы ірі континенталдық жобалардың барлығын дерлік іске асырудың өзегі болып отыр. Демек, АӨСШК-нің одан әрі тағдыры ұлы және орта ойыншылар мен халықаралық ұйымдар - Ресей, ҚХР, Үндістан, Иран, Түркия, Қазақстан және басқалардың еркінен, күш-жігерінен және ықпалынан тәуелді болады.

Қазақстанның алдағы АӨСШК-дегі төрағалығын ескере отырып, жақын уақытта Кеңесті қайта ретке келтіру қажет. Осы күрделі процестегі шешуші рөл еліміздің президенті Қ.Тоқаевқа тиесілі болмақ.

Қазақстан көздеп отырған АӨСШК-нің Азиядағы қауіпсіздік және даму жөніндегі ұйымға трансформациялануы Кеңес форматының кеңеюін және жаңа міндеттерді шешуге бетбұрысты білдіреді. Ол үшін ЕҚЫҰ-ға ұқсас ынтымақтастықты барлық бес өлшемде де кеңейту ғана емес, ең алдымен, әскери-саяси саладағы қызметті едәуір жандандыру күтіп тұр. Қазіргі уақытта АӨСШК-нің өзекті міндеті сындарлы дипломатия мен жанжалдарды болдырмау тәрізді ынтымақтастықтың сапалы жаңа деңгейіне ауысу болып отыр.

Қазақстан бастамашы ел ретінде осы мәселені АӨСШК-нің қатысушылыры арасында талқылауды жандандыруы тиіс. Бұл міндет қазақстандық сыртқы саясаттың басым бағыттарының біріне айналуы тиіс.

АӨСШК-ні трансформациялау бойынша қазақстандық бастаманы біртіндеп жылжыту барлық еуразиялық кеңістіктегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін маңызды мағынаға ие. Оны іске асыру бірінші кезеңде Азия мен Еуропадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үдерістерін сәйкестендіруге, ал кейіннен – біртұтас Еуразиялық қауіпсіздік жүйесін құруға септігін тигізуі мүмкін.

Азиядағы геосаяси жағдайдың жоғары серпіні және тұрақсыздығы Қазақстаннан қауіпсіздіктің жалпыеуразиялық жүйесін қалыптастыру мүддесінде АӨСШК, өзге халықаралық ұйымдар және өңірлік бірлестіктер аясындағы өз серіктестерімен көп деңгейлі жұмысты талап етеді. Азияға және әлемге жаңа көшбасшы емес, ашық, тең және бөлінбейтін қауіпсіздіктің қағидаттарына негізделген халықаралық қарым-қатынастың блоктан тыс жаңа архитектурасы керек. Ал осындай ұйымның рөліне АӨСШК толықтай үміттене алады.

Осылайша, қазіргі тарихи сын сағат сәтінде және ұлттық ауқымдағы қатердің алдында Қ.Тоқаев Қазақстанға басшылық жасап отыр, ол біздің еліміздің алдында тұрған қауіп-қатердің деңгейіне толықтай сәйкес келетін саясаткер. Осы жағдайда ол терең адамгершілік қасиеттерін таныта білген тарихи сәтке лайықты жауапкершілігі мол және дұрыс ойлайтын мемлекеттік қайраткер және тұлға ретіндегі өзінің шынайы сапаларын көрсете алды.

   

М.Т. Лаумулин, саяси ғылымдар докторы,

ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері 

 

 



Өзгелердің жаңалығы