Бас жаңалықтар
Тоқаевтың қазақ тілінен емтихан билеттері қандай?
23 Сәуiр 2019, 17:14 1286

Тоқаевтың қазақ тілінен емтихан билеттері қандай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік тілді меңгеруін анықтауға арналған емтихан билеттерін таңдап алды.

Ол жазбаша тапсырмада «Абай Құнанбайұлының поэзиясы мен қара сөздері» тақырыбында екі беттік шығарма жазса, екінші тапсырмада Шерхан Мұртазаның «Мыңбұлақ» кітабынан мәнерлеп үш беттік үзінді оқып береді. Ал үшінші тапсырмада еркін тақырыпта 15 минуттан кем емес сөз сөйлеуі тиіс.

Лингвистикалық комиссияның мүшелері - Мырзатай Жолдасбеков, Сейіт Қасқабасов, Әділ Ахметов, Ғарифолла Есім және Гүлтас Құрманбаева.


Емтиханның әр кезеңіне дайындалу үшін кандидатқа жеткілікті уақыт беріледі. Жазбаша тапсырмаға қажет болған жағдайда жарты сағатқа ұзарту мүмкіндігімен бір сағаттан кем емес уақыт беріледі. 15 минут көпшілік алдында сөз сөйлеуге дайындалуға 1 сағаттан кем емес уақыт беріледі.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың ОСК-ға құжаттарын тапсырғанын және Орталық сайлау комиссиясында мемлекеттік тілді меңгеру бойынша емтихан тапсырып жатқандығы туралы осыған дейін жазған болатынбыз.


Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Сізден жаңалық