Бас жаңалықтар
Тоқаев жер сілкінісіне байланысты Ердоғанға көңіл айтты
25 Қаңтар 2020, 16:13 247

Тоқаев жер сілкінісіне байланысты Ердоғанға көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Элазығ провинциясындағы жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алды.
Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтар мен жеке өз атымнан Сізге, сондай-ақ, бауырлас түрік халқына қайғыра көңіл айтамын. Алла тағаладан табиғи апат кезінде қаза болғандардың жандары жәннатта болуын, жараланғандардың тез арада сауығуын тілеймін, – делінген жеделхатта.
Еске сала кетейік, Түркияның шығысында жойқын жер сілкінісі болып, салдарынан кем дегенде 18 адам қаза тауып, жүздеген адам жарақат алғанын жазған болатынбыз. Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия халқы мен президентіне көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын. 



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...