Тоқаев тікұшақ апатынан көз жұмғандардың жақындарына көңіл айтты

27 Наурыз 2019, 22:10
2100
Бөлісу:
Тоқаев тікұшақ апатынан көз жұмғандардың жақындарына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тікұшақ апатынан көз жұмғандардың жақындарына көңіл айтты. Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің Twitter-дегі жеке парақшасында жазды.

«Қызылорда облысында Қорғаныс министрлігіне тиесілі тікұшақ апатқа ұшырады. Апат тікұшақ Ақтау-Шымкент бағыты бойынша әскери оқу-жаттығу жиындары аясында ұшуды жүзеге асыру кезінде болған. Әуе кемесінің экипажы көз жұмды. Тергеу бастау туралы тапсырма бердім. Қаза тапқандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамын. Оларға материалдық көмек көрсетіледі», - деді Мемлекет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы