Тоқаев Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті

16 Қараша 2019, 13:51
1691
Бөлісу:
Тоқаев Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековті туған күнімен құттықтап, бауырлас Қырғызстан халқының игілігі жолындағы аса жауапты қызметіне табыс тіледі.

Мемлекеттер басшылары екі елдің әртүрлі салалар бойынша стратегиялық серіктестігінің қазіргі жағдайы мен перспективаларын одан әрі тереңдету мәселелерін талқылады.

Әңгімелесу кезінде Қазақстан Президентінің Қырғызстанға жоспарланған мемлекеттік сапары және Жоғары мемлекетаралық кеңестің 5-отырысына дайындық барысы қарастырылды.

Өзгелердің жаңалығы