Бас жаңалықтар
Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
07 Қазан 2020, 19:46 100

Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекеттер басшылары көпғасырлық ажырамас достық пен тату көршілікке, өзара сенім мен стратегиялық серіктестік қағидатына негізделген екіжақты қатынастардың қазіргі ахуалы мен оны әрі қарай дамытудың перспективаларын талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев өзара ықпалдастықтың жоғары деңгейін және коронавирус індетінің салдарын тезірек еңсеру мақсатында екі ел үкіметтерінің арасындағы тәжірибе алмасуды ерекше атап өтті.

Әңгімелесу барысында тауар айналымын арттыруға, бизнес пен аймақтық деңгейдегі іс-қимылдарды кеңейтуге, сондай-ақ, мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталған бірлескен жобаларды ілгерілетуге баса мән берілді.

Мемлекеттер басшылары өңірдегі жағдайға байланысты пікір алмасты. Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері Қырғызстандағы ахуал елдің Конституциясы мен заңнамалық нормаларына сәйкес тезірек тұрақтанатынына сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бауырлас қырғыз елімен одақтастық байланыстарды және стратегиялық серіктестікті нығайтуға ерекше мән беріп отырғанын айтты.



  •  

  •  


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...