Тоқаев пен Пашинян қазақ-армян ынтымақтастығын одан әрі тереңдету шараларын талқылады

2 Шілде 2019, 20:14
1541
Бөлісу:
Тоқаев пен Пашинян қазақ-армян ынтымақтастығын одан әрі тереңдету шараларын талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті Армения Республикасының премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян қазақ-армян ынтымақтастығын одан әрі тереңдету шараларын талқылады және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

"Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің сыртқы серіктестермен сауда қатынастарын орнату мақсатында Одақты дамытуға белсенді ықпал етуге дайын екенін айтты", - деп хабарлады Ақордада.

Тараптар алдағы кездесулер кестесін, атап айтқанда, биылғы қазанда Ереван қаласында өткізуге жоспарланған Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына дайындық барысын қарастырды.

Телефон арқылы сөйлесуге Армения жағы бастамашы болды. 


Өзгелердің жаңалығы