Үндеріңіз маған жетті: Тоқаев науқас балалар тәрбиешілерінің жалақысы қаралатынын айтты

18 Тамыз 2019, 13:55
1786
Бөлісу:
 Үндеріңіз маған жетті: Тоқаев науқас балалар тәрбиешілерінің жалақысы қаралатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев науқас балаларға арналған балабақша мен мектеп тәрбиешілерінің мәселесі алдағы уақытта қарастырылатынын айтты.



"Менің атыма науқас балаларға арналған балабақшалар мен мектептердің тәрбиешілерінен олардың құқықтарын мұғалімдермен теңестіріп, жалақыларын көбейту жөнінде өтініштер келіп түсуде. Үндеріңіз маған жетті. Келесі жылы Үкімет осы мәселені қарастырады", - деп жазды Мемлекет басшысы Твиттер аккаунтында.

Бұған дейін Тамыз конференциясында президент ұстаздардың жалақысын екі есе өсіруді тапсырған болатын.

«Мұғалімдердің еңбекақысы ең төменгі жалақылардың бірі болып отыр. Ол экономикадағы орташа айлық еңбекақының 65%-ын ғана құрайды. Әрине, біз бұны осылай қалдырмаймыз. Сондықтан Үкіметке білім беру жүйесіне білікті кадрларды тарту және педагогтардың мәртебесін көтеру мақсатында төрт жыл ішінде ұстаздардың жалақысын екі есе арттыруды тапсырамын. Мен заң және сәйкес шаралардың қабылдануы мұғалімдердің өмірін барынша өзгертеді деп ойлаймын. Үкіметтің міндеті – барлық қабылданған нормалардың тәжірибе жүзінде іске асуын қамтамасыз ету», - деген еді жиында Қасым-Жомарт Тоқаев.
Өзгелердің жаңалығы