Тоқаев: Менің мақсатым – экономиканың өсімі

16 Ақпан 2020, 14:35
2379
Бөлісу:
Тоқаев: Менің мақсатым – экономиканың өсімі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қауіпсіздік жөніндегі 56-ншы Мюнхен конференциясы аясында тарихта Орталық Азияға арналған алғашқы арнайы панельдік сессияға қатысты. Оған Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Президенті ретінде алғаш рет қатысты. 

Әлемдік қауымдастықтың Орталық Азияға деген назары артып келеді. Ал соңғы 11 айдың көлімендегі саяси өзгерістерден соң олардың Қазақстанға деген қызығушылығын да байқауға болады. 

"Менің мақсатым – экономиканың өсімі" деген Мемлекет басшысы елде жаңа реформалар кезеңінің басталғанын мәлімдеді. Ал модератордың "Қазақстанда азаматтық қоғамды дамыту мүмкін бе?" деген сұрағына "әлбетте" деп жауап берді Президент. 

Азаматтық қоғамды дамыту үшін жаңа жобалар әзірленіп жатыр. Көптеген бастама қолға алынды. Мысалы, бейбіт митинг пен саяси партияларды тіркеуге қатысты жаңа заң жобалары әзірленіп жатыр. Мен мемлекетімде президенттіктің жақсы институты қалыптасады деген ойдамын. Сонымен бірге Парламенттің де күші арта түсетініне сенемін. Оған қоса ашық әрі есеп беретін үкімет қалыптастыруға да тырысамыз, - деді Қазақстан Президенті. 

Президент Қазақстанның сыртқы саясаты үлкен күштер арасында тепе-теңдік ұстауға негізделгенін тәлге тиек етті.

Жақында ғана АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қазақстанға келді. Бұл да Қазақстан мен АҚШ арасындағы байланыстың нығая түскенін білдіреді. Экономикалық серіктестікке келер болсақ, Қазақстанда АҚШ-тың бірнеше үлкен компаниялары жұмыс істейді. Бұл мемлекеттің Қазақстан үшін маңызы зор. Серіктестігіміздің одан әрі дами түсуіне үлкен мүмкіндіктер бар деп ойлаймын, - деп  атап айтты.
Өзгелердің жаңалығы