Тоқаев мемлекетті «Қазақ Республикасы» деп атауға қарсылығын білдірді

31 Қаңтар 2019, 12:38
2686
Бөлісу:
Тоқаев мемлекетті «Қазақ Республикасы» деп атауға қарсылығын білдірді

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізді «Қазақ Республикасы» деп атауға қатысты пікірін айтты. Бұған дейін Мәжіліс депутаты Азат Перуашев осы ұсынысты жасаған еді.


«Біздің атауда «Қазақстан» деген сөз бар. Бізге бұл жеткілікті. «Қазақ Республикасы» деп атау бізге не үшін керек? Ел атауы Қазақстан Республикасы деп қалуы тиіс. Президент Қазақстан Республикасының атынан көп халықаралық келісімге қол қойды. Қазақстанның атауын өзгертудің еш мәні және ешқандай негізі жоқ. Басқа да проблемалар жетіп жатыр», - деді Тоқаев кулуарда берген сұхбатында.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Азат Перуашев мемлекетті «Қазақ Республикасы» деп атауды ұсынған болатын.

Перуашев Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевқа жолдаған сауалында келесідей ойын білдірген еді.

«Қазақстан» атауымен қатар ресми түрде «Қазақ Республикасы» атауын қайта енгізу мүмкіндігін ұсынамыз. Негізінде мұндай бастаманы 5 жыл бұрын Мәңгілік тұжырымдамасын талқылау барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі ұсынған. Біздің ойымызша Елбасының ұстанымын іске асыратын кез келді. Қараны қара, ақты ақ, қазақты қазақ деп атауымыз керек. Тіпті тоталитарлық совет үкіметі мойындаған «Қазақ» атауын республикамызға қайтару тек тарихи әділетті құрметтеу ғана емес, сондай-ақ барша көпұлтты отандастарымыздың бірлігі мен ынтымағын одан әрі нығайтуға серпін беретініне сенімдіміз», - деді Азат Перуашев.
Қымбат ЕЛТАЙҚЫЗЫ
Өзгелердің жаңалығы