Тоқаев Ұлттық кеңестің үшінші отырысына қатысады

26 Мамыр 2020, 18:11
1319
Бөлісу:
Тоқаев Ұлттық кеңестің үшінші отырысына қатысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің онлайн форматта өтетін 3 отырысына қатысады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Ертең, яғни, 27 мамыр күні сағат 11:00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің онлайн форматта өтетін 3 отырысына қатысады. Ұлттық кеңестің отырысы адами капиталды дамытуға, атап айтқанда, білім беру, денсаулық сақтау мәселелеріне арналады. Жиын Президент баспасөз қызметінің Фейсбуктегі AkordaPress парақшасы арқылы тікелей эфирде көрсетіледі - деді Берік Уәли.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық кеңестің кезекті отырыс өтетіні жайлы бұған дейін де хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы