Тоқаев Ливаннан қазақстандық бітімгерлердің оралғанын айтты

19 Мамыр 2019, 14:14
1492
Бөлісу:
Тоқаев Ливаннан қазақстандық бітімгерлердің оралғанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парағында Ливаннан қазақстандық бітімгерлердің алғашқы тобы оралғанын айтты.

«Бітімгершілік миссиясымен Ливанда игілікті істерін табысты аяқтаған БҰҰ-ның алғашқы қазақстандық тобы аман-есен елге оралды. Бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздік жолында Қазақстан мен БҰҰ ынтымақтастығы арта береді», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Атап өтсек, 120 қазақстандық әскери қызметкер Ливанда өз міндеттерін табысты аяқтады. Олар 2018 жылғы 31 қазанда Ливанға аттанып, 2019 жылғы 17 мамырда Қазақстанға оралды. Әскерилер сол жақта БҰҰ-ның «Бейбітшілік үшін» медальдарымен марапатталды.

Өзгелердің жаңалығы