Бас жаңалықтар
Тоқаев Конституциялық кеңестің төрағасын қабылдады
15 Қазан 2019, 19:02 209

Тоқаев Конституциялық кеңестің төрағасын қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық кеңестің төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қайрат Мәми мемлекет басшысын жүргізілген конституциялық реформаның қорытындыларын ескере отырып, Негізгі заңның әлеуетін іске асыру жөніндегі шаралар туралы хабардар етті. Сонымен қатар, ол Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын әзірлеу барысы туралы баяндады.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...