Бас жаңалықтар
Тоқаев Үкіметтің жаңарған әлеуметтік саясаты бойынша шұғыл шаралар әзірлеуді тапсырды
18 Маусым 2019, 07:55 280

Тоқаев Үкіметтің жаңарған әлеуметтік саясаты бойынша шұғыл шаралар әзірлеуді тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминді қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады. 

Мемлекет басшысына Үкіметтің әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша қабылдаған шаралары  және бұрынырақ берілген тапсырмалардың орындалу барысы баяндалды.

Қазақстан президенті премьер-министрге шұғыл түрде Үкіметтің жаңарған әлеуметтік саясаты бойынша шаралар әзірлеуді тапсырды.

"Бұл саясат халықтың өмір сүру деңгейін арттыру тұрғысынан тиімді болуы керек. Сондықтан, ол нақты мұқтаж жандарға ғана бағытталуы шарт", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

 


Фото: дереккөз

Сізден жаңалық