Бас жаңалықтар
Тоқаев үкіметке екі апта берді, болмаса отставкаға кету мүмкін
10 Шілде 2020, 13:03 870

Тоқаев үкіметке екі апта берді, болмаса отставкаға кету мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Асқар Мамин басқаратын министрлерге екі апта уақыт берді.  Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі twitter-дегі парақшасында хабарлады.

Қалыптасқан ахуал екі аптадан кейін жақсарады деп үміттенемін. Олай болмаған жағдайда, жалпы Үкіметтің осы құрамда жұмыс істеу мүмкіндігі туралы мәселе туындайды, - деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ол, сонымен қатар, бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты сынға алған болатын.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...