Тоқаев интернетті дұрыстауды тапсырды

16 Ақпан 2020, 14:49
1305
Бөлісу:
Тоқаев интернетті дұрыстауды тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы барлық ақпараттық ресурстардың жұмысын қалпына келтіруді тапсырды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхенде (Германия) жұмыс сапарымен жүргенде Қазақстанның интернет желісіндегі ақау жайында хабардар болды. Мемлекет басшысы барлық ақпараттық ресурстардың жұмысын қалпына келтіруді тапсырды" - деп жазды ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қазақстандықтардың интернет мәселелеріне шағымданғаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы