Тоқаев: Елбасы негізін салған әлеуметтік тұрғыда әділетті мемлекет бағыты жалғасын табады

27 Наурыз 2019, 14:39
1940
Бөлісу:
Тоқаев: Елбасы негізін салған әлеуметтік тұрғыда әділетті мемлекет бағыты жалғасын табады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақордадағы әкімдердің қатысуымен өткен кеңес барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осындай мәлімдеме жасады. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Кеңес барысында Президент әкімдерге халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына 40 мыңнан астам жалға берілетін пәтерлерді бөлуді тездетуге және бұл процесті осы жылдың мамыр айынан бастауға тапсырма берді.

Сонымен қатар, халықтың өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін, инфрақұрылымдық сипаттағы жүйелік мәселелерді тездетіп шешудің маңыздылығы атап өтілді. Осылармен қоса, ТКШ аясындағы мәселелер, атап айтқанда жылу және сумен қамтамасыз ету, су құбырларын жүргізу, жол, газификация, экология және қауіпсіздік мәселелері талқыланды.

Үкімет пен әкімдерге бюджеттік қаржыны нақты экономикаға дейін оперативті түрде жеткізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ жоспарланған жобаларға отандық кәсіпкерлерді барынша тарту тапсырылды.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы қымбат тұратын және имидждік іс-шараларды қаржыландыруды доғарып, жергілікті бюджеттің есебінен белсенді әлеуметтік саясатты жүргізу қажеттілігін айтып өтті.

«Біздің азаматтарды әлеуметтік қорғау - бұл жеке бизнесті жүргізу мүмкіндігін беру немесе еңбегі үшін лайықты еңбекақысын алуға жағдай жасау», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев

Өзгелердің жаңалығы