Бас жаңалықтар
Тоқаев: Бурабай және Щучье көлдерін батпақтан тазарту мәселесі өте өзекті
14 Қараша 2019, 13:30 353

Тоқаев: Бурабай және Щучье көлдерін батпақтан тазарту мәселесі өте өзекті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабай және Щучье көлдерін батпақтан тазарту мәселесі өте өзекті екенін айтты. 

Бурабай және Щучье көлдерін батпақтан тазарту мәселесі өте өзекті. Біз Бурабайдың ғажап табиғатын өскелең ұрпақ үшін сақтап қалуымыз керек. Осы мәселелерді шешу үшін тиісті министрлікке мүдделі органдармен бірлесіп, тиісті шаралар қабылдауды тапсырамын, - деді президент. 

Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Көкшетау қаласына жұмыс сапарымен барған болатын. Президент өңірде тұратын азаматтардың тұрмыс сапасы жоғары стандарттарға сай болуы тиіс екіндігін атап өткен еді.

Фото: дереккөз
Загрузка...