Бас жаңалықтар
Тоқаев #БізБіргеміз челленджін қолдады
23 Қаңтар 2020, 23:18 290

Тоқаев #БізБіргеміз челленджін қолдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорда жастарының әлеуметтік желіде қар тазалау бойынша бастамасына қолдау білдірді.

Бұл туралы ҚР президенті Twitter -дегі парақшасында жазды. 

Белгілі артист Тұрсынбек Қабатовтың астанамыздың аулаларын қардан тазартып, #БізБіргеміз хештегімен видео жариялау туралы ұсынысын қолдаймын. Волонтер жылына сай бастама, – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев. 
Осыған дейін елорда жастарының әлеуметтік желіде қар тазалау бойынша челленджді бастағандығын жазғанбыз.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...