Бас жаңалықтар
Тоқаев БАӘ Федералды ұлттық кеңесінің төрайымымен телефон арқылы сөйлесті
01 Сәуiр 2019, 14:34 522

Тоқаев БАӘ Федералды ұлттық кеңесінің төрайымымен телефон арқылы сөйлесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктері Федералды ұлттық кеңесінің төрайымы Амаль әл-Кубейсимен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгімелесу барысында БАӘ Федералды ұлттық кеңесінің төрайымы Амаль әл-Кубейси Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісуімен құттықтап, жоғары мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Амаль әл-Кубейсиге құттықтағаны үшін ризашылық айтып, Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы достық қатынастар екі ел игілігі үшін одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді. 

Телефон арқылы сөйлесуге Біріккен Араб Әмірліктері жағы бастамашы болды.

 

 

·          

 

 

Загрузка...

Сізден жаңалық