Тоқаев ғарышкер Алексей Леоновтың қайтыс болуына орай көңіл айтты

12 Қазан 2019, 13:13
1607
Бөлісу:
Тоқаев ғарышкер Алексей Леоновтың қайтыс болуына орай көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ғарышкер Алексей Леоновтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және өзінің атынан ұшқыш-ғарышкер, Кеңес Одағының екі дүркін батыры Алексей Леоновтың қайтыс болуына байланысты қайғырып көңіл айтты.

«Алексей Архипович өз ісінің нағыз шебері, әлемдік космонавтикада аты аңызға айналған тұлға еді. Ол Байқоңыр айлағынан ұшып, адамзат тарихында тұңғыш ашық ғарышқа шықты. Батыр Леонов ұлы мақсатқа жету жолында өз өмірін тәуекелге тігіп, бұған дейін өзгелердің қолынан келмеген ерлік жасады», – делінген жеделхатта.    

Өзгелердің жаңалығы