Тоқаев «Алтын Қыран» КТ бақылау кеңесінің төрағасын қабылдады

20 Тамыз 2019, 19:48
1597
Бөлісу:
Тоқаев «Алтын Қыран» КТ бақылау кеңесінің төрағасын қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын Қыран» компаниялар тобы бақылау кеңесінің төрағасы Исламбек Салжановты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында Қазақстанда кәсіпкерлікті дамыту мәселелері, сондай-ақ әлемдік және отандық IT саласындағы негізгі трендтер талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлікті, соның ішінде шағын және орта бизнесті қолдау мемлекеттің экономикалық саясатындағы басымдықтардың бірі екенін атап өтті.

Исламбек Салжанов Президент бастамаларын жүзеге асыру үшін бизнестің белсенді атсалысуға әрқашан дайын екенін айтты.  

 


Өзгелердің жаңалығы