ТМД СІМ басшылары онлайн басқосу өткізді

12 Мамыр 2020, 22:10
1421
Бөлісу:
ТМД СІМ басшылары онлайн басқосу өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Сыртқы істер министрлерінің бейнеконференция форматында кеңесінің кезекті отырысы өтті. Бұл іс-шараға Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қатысты.

Іс-шара барысында ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі кең ауқымды мәселелерді талқылады. COVID-19 коронавирусының таралу салдарына қарсы әрекет ету мәселелеріне ерекше назар аударды.

Тараптар қатысушы-мемлекеттердің қауіпсіздік пен гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы өзара іс-қимылын одан әрі нығайтуға ықпал ететін бірқатар маңызды шешімдерді келісті. Отырыс қорытындысы бойынша 2020 жылға ТМД шеңберінде көп деңгейлі СІМ-аралық консультациялар жоспары бекітілді. Сондай-ақ, ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің қорғаныс, қауіпсіздік, мәдениет, спорт, білім және жастар ынтымақтастығы саласындағы халықаралық шарттар мен шешімдердің жобалары мақұлданды.

Өзгелердің жаңалығы