ТМД елдерінің Қорғаныс министрлері қауіпсіздік мәселеcін талқылады
10 Қараша 2021, 22:59 88

ТМД елдерінің Қорғаныс министрлері қауіпсіздік мәселеcін талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәскеуде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы өтті. Оған ҚР Қорғаныс министрі, генерал-лейтенант Мұрат Бектанов бастаған қазақстандық әскери делегация қатысты, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Отырыс барысында әскери-саяси жағдай және оның Достастық елдерінің қауіпсіздігіне әсері, әскери білім беру, кадрлар даярлау, гуманитарлық минасыздандыру, әуе қорғанысының біріккен жүйесі мен оның әуе-ғарыштық қорғаныс міндеттерін шешуге бейімделуі мәселелері қаралды.

Достастық мемлекеттерінің қорғаныс министрлері 2021 жылғы Армия халықаралық ойындарының қорытындылары туралы баяндамаларды тыңдап, әскери қызметшілердің әскери-кәсіби шеберлігін арттыру туралы пікір алмасты. Отырысқа қатысушылар коронавирустың таралуына қарсы күресте радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлерін қолдану тәжірибесін талқылады.

Тараптар ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесінің алдағы жылға арналған жұмыс жоспарын және кезекті отырыстың алдын ала күн тәртібін талқылады.





Фото: дереккөз
Загрузка...