Өткен тәулікте Елордадан 19,6 мың текше метр қар шығарылды

12 Қаңтар 2019, 13:17
2519
Бөлісу:
Өткен тәулікте Елордадан 19,6 мың текше метр қар шығарылды

Астана, baq.kz. Қаланы қардан тазалауға мамандандырылған техниканың 470 бірлігі жұмылдырылды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

«Астана Тазалық» ЖШС мәліметінше, 11 қаңтарда қаланы қардан тазалауға 303 жұмыскер шықты.

«Қала сыртына шығарылған қардың жалпы көлемі 19 603 текше метрді құрайды. «Астана Тазалық» қала сыртына қардың 5 706, өзге мекемелер 13 517, «Астана көгалдандыру құрылысы» 380 текше метрін шығарды», - делінген компанияның хабарламасында.

16 қазан мен 11 қаңтар аралығында шығарылған қардың жалпы көлемі 1 203 734   текше метрді құрайды. Бір тәулікте құм-тұз аралас қоспаның 112 текше метрі, ал 13 қазан мен 11 қаңтар аралығында 14 064,5 текше метр және 21 қарашадан көктайғаққа қарсы реагенттің 233,9 тоннасы себілді.

Астана әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты барлық сұрақтарды 109 нөмірі бойынша қалалық iKomekмониторинг және жедел әрекет ету орталығының call-орталығына тәулік бойы жолдауға болатындығын еске салады.

Сондай-ақ, iKomek орталығына келесі әдістер бойынша хабарласуға болады: Telegram-дағы: https://t.me/astanaikomek109_bot чат-боты;

astana.gov.kz әкімдік сайты Әлеуметтік желілердегі жарияланымдарды #astana109 хештегімен белгілеу:

Facebook www.facebook.com/astana109/

Instagram www.instagram.com/astana109/

Telegram-канал https://t.me/astana109112

Өзгелердің жаңалығы