Бас жаңалықтар
Әлемнің үздік боксшыларының тізімі жарияланды
22 Мамыр 2019, 11:12 770

Әлемнің үздік боксшыларының тізімі жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі америкалық The Ring журналы салмағына қарамастан (P4P) әлемнің үздігі саналатын боксшылардың тізімін жариялады. The Ring P4P рейтингісінің бестігіне Головкин енбей қалды, деп хабарлады Vesti.kz.

Бірінші орынды жеңіл салмақта WBA Super және WBO украиналық Василий Ломаченко (13-1, 10 КО) сақтап қалды. Одан кейін жартылай орта салмақта WBO белбеуіне ие Теренс Кроуфорд (35-0, 26 КО) және орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBF титулдары бар мексикалық Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) тұр.

Ал қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) жетінші орынға табан тіреген. Былтыр Головкин карьерасында алғаш жеңіліске ұшырап, WBC, WBA (Super) және IBO белбеулерінен айырылып қалған болатын.

The Ring журналының P4P рейтінгісінің толық тізімі мынадай:

1. Василий Ломаченко (13-1, 10 КО);
2. Теренс Кроуфорд (35-0, 26 КО);
3. Сауль Альварес (52-1-2, 34 КО);
4. Наоя Иноуэ (18-0, 16 КО);
5. Александр Усик (16-0, 12 КО);
6. Эррол Спенс (25-0, 21 КО);
7. Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО);
8. Хуан Франсиско Эстрада (39-3, 26 КО);
9. Майки Гарсия (39-1, 30 КО);
10. Донни Ньетес (42-1-5, 23 КО).



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...