Қытайлықтың жүрегінен тіс шұқығыш табылған

4 Ақпан 2019, 15:48
3853
Бөлісу:
Қытайлықтың жүрегінен тіс шұқығыш табылған

Астана, BAQ.KZ. Тегі Чжоу Қытай тұрғыны жүрегіндегі тіс шұқығышпен ауруханаға түскен. Ол бұл бқтен затпен төрт жыл бойы өмір сүріп келген. Бұл жөнінде Корреспондент порталы хабарлайды. 

Қытайлық 40 градус дене қызуымен ауруханаға жеткізілген. Ол осыдан төрт жыл бұрын өзінің денсаулығы күртнашарлап кеткенін айтқан. 

Дәрігерлер 29 жастағы Чжоуға тексеру жүргізіп, оның өкпесінен қара дақ пен жүрегінің қабынуын анықтаған. Ота кезінде мамандар ер адамның жүрек камераларының бірінен ұзындығы алты сантиметр тіс шұқығыш тапқан. 

Болжам бойынша, ол бөгде зет тыныс жолдарына түсіп, өкпені тесіп өтіп, сол арқылы жүрекке түскен. Емделушінің айтуынша, ол өз сусының шатастырып алмас үшін, коктейліне тіс шұқығыш салып қояды екен. Осылайша, тіс шұқығышты ол коктейльмен бірге ішіп қойған деген болжам бар.

Өзгелердің жаңалығы