Тілепов: "Рухани Жаңғыру" аясындағы жаңа жобаларды сапалы іске асыру қажет

11 Тамыз 2020, 17:12
1994
Бөлісу:
Тілепов: "Рухани Жаңғыру" аясындағы жаңа жобаларды сапалы іске асыру қажет

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов "Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институтының өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді.

Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл 10 тамызда Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов "Рухани жаңғыру" бағдарламасын үйлестіру департаментінің басшылығымен және "Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институтының өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесуде бағдарламаны іске асырудың басты мәселелері, бірінші жартыжылдықта жүргізілген жұмыс қорытындылары және ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығына қойылған міндеттер мен нақты қызмет бағыттары талқыланды, - делінген ведомство хабарламасында.
Сонымен қатар, кездесу барысында вице-министр бағдарлама аясында ағымдағы жылы бастамашылық етілген жаңа арнайы жобаларды сапалы және тиімді іске асыру қажеттігін атап өтті.


Өзгелердің жаңалығы